Жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту туралы ойланғанда, математика пәні мұғалімдерінің
барлық уақытта есептерді шешудің жаңа, неғұрлым тиімді тәсілдерін іздеуге ұмтылулары керектігін атап көрсету
маңызды болып табылады. Әрине, көпмүшеліктерді теңбе-тең түрлендіруде де олардың осы бағыттағы
ізденістерінің сипаты өзгермейді.
Мақала жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың өзекті мәселелерінің біріне-қысқаша көбейту
формулаларын оқытудың әдістемесі мәселесіне арналған. Қысқаша көбейту формулалары барлық мектеп
алгерасы курсының іргетасы болып табылады. Басқаша айтқанда, оларды алгебраның әліппесі деп есептеуге
болады. Мақалада көпмүшені квадрат дәрежеге шығару формуласын қорытып шығарудың тиімді тәсілі
көрсетілген және ол формула қысқаша көбейтудің қосымша формуласы ретінде қарастырылған. Сонымен қатар
осы формуланы әралуан есептерді шешуде қолданудың көптеген мысалдары келтірілген.
КӨПМҮШЕНІ КВАДРАТТАУ ФОРМУЛАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жарияланған September 2020
152
135
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қосанов, Б., Ералиев, С., Нурбаева, .Д. і Нурмухамедова, Ж. 2020. КӨПМҮШЕНІ КВАДРАТТАУ ФОРМУЛАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 67–73. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.09.