Жоғары энергия физикасын зерттеу проблемасының көкейкестілігі ғарыштық сәулелер туралы мағлұматтардың ақпараттық құндылығы мен нақтылығы арқылы бағаланады.Және бұл мғлұматтарды ғарыш сәулелерінің құрамындағы зарядталған бөлшектерді тіркеудің кешенді тәсілдерін пайдалану арқылы ғана өндіруге болады. Бүгінгі күні ғарыш сәулелерінің биік таулы ғылыми станциясының кеңістігінде баламасы жоқ, бірақ әрқайсысы өз алдына дербес жұмыс істейтін әртүрлі мақсаттағы көптеген эксперименталдық қондырғылыр пайдаланылуда. Олардың құрамында сцинтилляциялық детекторлардың «кілемі», жер асты және жер үсті нейтрондық мониторлар, гамма-блокпен жабдықталған ионизацияланушы нейтрондық детекторы бар калориметр, черенков сәулесінің детекторлары, сцинтилляциялық спектрометр, алшақ орналасқан арнайы мақсаттағы детекторлар мен толып жатқан жабдықтаушы қосалқы құрылымдар бар.
Мақалада аталмыш құрылғыларды өндірілетін мағлұматтардың ортақ қоры бар бірегей тіркеу жүйесіне біріктірудің жаңа технологияға негізделген, шешуші қабылеті жоғары әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Айрықша маңызды бұл мәселенің оңтайлы шешілуі нәтижесінде күрделі есептеулерді орындай отырып, тіркелген процестерді жүйелі түрде талдауға қол жеткізіледі. Соның арқасында ауқымды атмосфералық нөсердің кеңістіктегі үлестірілуін және энергетикалық құрылымдық сапасын жоғары дәлдікпен анықтаудың мүмкіндігі жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мақалада желілік инфрақұрылым мен мағлұматтардың бірегей қорын басқарушы және жабдықтаушы программалары бар орталық серверді ұйымдастырудың жолдары талдаудан өткізіледі. Нәтижесінде дербес жұмыс істейтін эксперименталдық қондырғылардың жұмысын уақытқа байланысты синхронизациялау әрекеті іске қосылады.