Бұл жұмыста AES, Кузнечик, SM4, BelT және Калина сияқты симметриялық блоктық шифрлеу алгоритмдерінің сызықтық емес түрлендірулері қарастырылады. Аталған алгоритмдердің алмастыру кестелерінің қысқаша түсіндірмесі беріледі. Сондай-ақ, осында сипатталған алмастыру кестелерінің сызықты емес қасиеті туралы сөз қозғалып, сызықсыздықтың мәні есептелініп көрсетіледі. Алмастыру кестелерінің сызықсыздық қасиеті негізінде динамикалық алмастыру кестелерін жасаудың бір тәсілі құрастырылып, келтірілген. Бұл ұсынылып отырған тәсілдің мақсаты – алгоритмнің құпия кілттінің негізінде алынған параметрге байланысты өзгеріп отыратын динамикалық алмастыру кестесін құрастыру болмақ. Сондай-ақ, осы тәсілді жүзеге асыру бойынша зерттеу, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Тәжірибе барысында жасалынған динамикалық алмастыру кестелері сызықсыздыққа зерттелініп, алынған мәндердің алмастыру кестелерінің бастапқы сызықсыздық мәндерімен салыстырылып, талдау жұмыстары жүргізілді.
СИММЕТРИЯЛЫ БЛОКТЫҚ ШИФРЛЕУ АЛГОРИТМДЕРДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ АЛМАСТЫРУ КЕСТЕЛЕРІ
Жарияланған September 2021
80
100
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Хаумен, А. і Капалова, Н. 2021. СИММЕТРИЯЛЫ БЛОКТЫҚ ШИФРЛЕУ АЛГОРИТМДЕРДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ АЛМАСТЫРУ КЕСТЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Вер 2021), 115–120. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7901.14.