Бұл жұмыста құрылымы ауыстыру-ауыстыру желісінің нұсқасы бойынша жасалған «AL03» блоктық шифрлау алгоритмінің қысқаша сипаттамасы мен оның лавиндік әсерін тексерудің нәтижелері келтірілген. Мақалада зерттеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгоритмде қолданылатын әр түрлендіру және ол үшін талдау жеке жүргізілді. Екінші кезеңде талдау шифрлаудың бүтіндей әрбір раунды бойынша жүргізілді. Түрлендіру жүру барысында оның лавиндік әсерінің дәрежесін сипаттау үшін лавиндік параметрі –0,5-ке тең қажетті ықтималдық мәнінен кіріс тізбегіндегі бір ғана бит өзгерген кезде шығу тізбегіндегі барлық өзгеру ықтималдығының ауытқуының сандық мәні – анықталды және зерделенді. Мақалада кесте түрінде 1-ші, 2-ші, 3-ші және 24-ші раундтан кейінгі нәтижелер келтірілген. Алынған раундтық нәтижелер бойынша салыстырмалы тесттер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша осы шифрлау алгоритмін одан әрі зерттеулерді жалғастыру бойынша оң қорытынды берілді.
«AL03» БЛОКТЫ ШИФРЛАУ АЛГОРИТМІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Жарияланған September 2021
102
119
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Kapalova, N., Algazy, K., Sakan, K. і Dyussenbayev, D. 2021. «AL03» БЛОКТЫ ШИФРЛАУ АЛГОРИТМІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Вер 2021), 108–114. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7901.13.