Соңғы жылдары виртуалды ортада мобильді оқыту мәселелері академиялық және коммерциялық тұрғыда кеңінен танымал бола бастады. Өткізгішсіз байланыс технологиялар эволюциясы мен мобильді қосымшалардың саны артып келе жатқанымен, виртуалды оқыту ортасында мобильді технологияларды кеңнен пайдалану мәселелері әлі күнге дейін жеткіліксіз болып отыр. Адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылатын иммерсивті цифрлық технологиялар білім беру ортасына дендеп енгізіліп келеді. Қазіргі кезде оқу үдерісіне мобильді технологияларды енгізу зерттеу нысанасына айналды. Бұл мақалада виртуалды ортада қолданылатын мобильді технологиялардан тұратын оқыту жүйесін жобалау мәселелері сипатталған. Мұнда виртуалды оқыту ортасында жұмыс істеу және енгізу механизмдерінің білім беру жүйесіндегі өзгерістерін көрсетуге тырысады. Ұсынылған жұмыс виртуалды оқытуды ұйымдастыруды, нәтижені меңгеруге бағытталған оқу үдерісін практикалық және эргономикалық тұрғыда тиімді қамтамасыз етеді деп күтілуде. Мобильді технологиялар - бұл виртуалды білім беру ортасын техникалық қолдау, білімді игеру, мобильді, тиімді кері байланысты жоғары деңгейде жүзеге асыру үдерісінде елеулі өзгерістер алып келеді.
ВИРТУАЛДЫ ОҚЫТУ ОРТАСЫНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Жарияланған September 2021
317
306
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ткач, Г., Керимбаев, Н., Нурым, Н. і Акрамова, А. 2021. ВИРТУАЛДЫ ОҚЫТУ ОРТАСЫНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 75, 3 (Вер 2021), 197–204. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7901.24.