Мақалада өңделген эксперименттік мәліметтер негізінде гигабиттік пассивті оптикалық желінің (GPON желісі) мінез-құлқы мен мүмкіндіктері туралы жаңа білім алуға мүмкіндік беретін деректерді талдаудың қолдануы сипатталған. GPON желісінің сынақ стендінің сипаттамасы келтірілген. Жұмыста GPON желілерінің ауқымын ұлғайту үшін қолданылатын жартылай өткізгіш оптикалық күшейткіштердің сипаттамалары, сондай-ақ олардың кіріс қуаты мен сигналдың толқын ұзындығына тәуелділігі зерттелді. Деректерді өңдеу үшін MatLab математикалық есептеулерді автоматтандыру пакеті және OriginLab сандық деректерді талдау және ғылыми графика пакеті қолданылды. Гигабиттік пассивті оптикалық желінің архитектурасында EDFA күшейткішін (эрбиймен легірленген талшықтағы оптикалық күшейткіш) қолдану ең жақсы таңдау болып табылады және GPON желісінің ауқымын 20 шақырымнан 60 шақырымға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.