Бұл мақалада 2018 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстандағы өлім-жітімнің деңгейін зерттеу мақсатында Ли-Картердің бастапқы үлгісі негізінде Кныкова А. және Сапин А. дайындаған өлім көрсеткіштерін болжау әдістері қолданылады, және олардың мемлекеттік зейнетақы төлемдеріне жасалатын әсеріне баға беріледі. Алынған нәтижелер Қазақстанда өлім деңгейінің төмендеуін және осыған байланысты зейнетке шыққан адамдардың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюын көрстеді. Ал бұл дегеніміз мемлекет тарапынан төленетін зейнетақы шығындарына тікелей әсер етеді. 2019 жылдан бастап 2025 жылға дейін Қазақстандағы зейнетақыға бөлінетін мемлекеттік шығындар біртіндеп артады, ал бұл өлім-жітімнің біртіндеп төмендеуінің әсерін көрсетеді. Алайда, болжам бойынша, мемлекет тарапынан төленетін зейнетақы шығындарының ЖІӨ-дегі үлесі 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін төмендейді. Өлім-жітімнің төмендеуіне байланысты мемлекеттік зейнетақы төлемдерінің қосымша шығындары біртіндеп ЖІӨ-ң үлесі ретінде ұлғаяды және 2024 жылы 0,02% жетеді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЛІМ КӨРСЕТКІШТЕРІН БОЛЖАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Жарияланған June 2020
150
155
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Sapin, A. 2020. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЛІМ КӨРСЕТКІШТЕРІН БОЛЖАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 116–123. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.17 .