Мақала бастапқы бағалаулар ауызша және әр түрлі критерийлер негізінде берілетін заң жобаларының сапалық мәселесін аналитикалық шешуге арналған. Құқықтану саласындағы белгілі идеялар мен интеллектуалдық жүйелер қарастырылады. Айқын емес логиканы қолдануға, оны дамыту тұжырымдамасына және әртүрлі әдістермен кіріктіруге айрықша көңіл бөлінеді. Қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік қатынастар жағдайында заң шығарушылар белгілі бір шамада заң жобалары сапасымен байланысты проблемаларға көбірек кезігеді. Заңның және құқықтық нормалардың мызғымастығын мойындайтын елде заңдардың тиімділігі заң шығару үшін маңызды міндет болып табылады. Заң жобаларын дайындау кезеңдерінде заңнамалық актінің сапасын бағалау шешім қабылдауға әлеуметтік, сондай-ақ формальды шешім қабылдау әдістерін қажет етеді. Осыған орай, зерттелетін процесс альтернативті тиімділіктер қатарын құру алгоритмін синтездеу қажет болғанда, көпкритерийлі шешім теориясының аясында қарастырылады. Вариациялық есептеудің, оптимизациялаудың (оңтайландырудың) және шешім қабылдаудың заманауи теорияларында мәселені шешудің әртүрлі әдістерін қолдануға болады. Жұмыста кіріс деректерінің кейбір мүмкін нұсқалары көрсетілген. Қате жауаптарға әкелетін алгоритм бөлек қарастырылады. Сондай-ақ, балама нұсқа мен оны іске асырудың мысалы келтірілген.
ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ САПАСЫ ТУРАЛЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨПКРИТЕРИЙ ДӘЛЕЛДІ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІҢ БІР ТӘСІЛІ ТУРАЛЫ
Жарияланған June 2020
134
124
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Узденбаев, Ж. , Аяганова , А. , Елепбергенова , .А. і Мурсакимова , .Г. 2020. ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ САПАСЫ ТУРАЛЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨПКРИТЕРИЙ ДӘЛЕЛДІ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІҢ БІР ТӘСІЛІ ТУРАЛЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 124–128. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.18.