Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланған December 2021

162

225

Б.Ғ. Бостанов+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
З.Т. Суранчиева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ информатика мұғалімдерін дайындаудағы негізгі кәсіптік пәндер мазмұнына дискретті математика элементтерін кіріктіре оқыту мәселесі қарастырылған. Дискретті математика элементтері бойынша болашақ информатика мұғалімдерін дайындаудағы кейбір мәселелерді шешу жолдары және оған оқытудың қажет екендігі баяндалған. Дискретті математика бойынша информатикаға оқыту мәселелерімен айналысқан отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне талдау жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде дискретті математика элементтерін информатика пәні мұғалімдеріне оқыту қажеттілігі ғылыми негізделген. Кәсіптік пәндер мазмұнын қарастыру барысында дискретті математика элементтерін оқытудың қажеттілігі анықталып, оқу мазмұнына бөлімдер бойынша тақырыптар енгізу негіздемесі келтірілген.  Дискретті математика элементтерінің кәсіби пәндер мазмұнында қарастырылуы мүмкін тақырыптар тізімі сызба арқылы сипатталынып көрсетілген. Осы тақырыптар нақты пәндер мазмұны бойынша мысал ретінде баяндалған және осы айтылғандарды арнайы зерттеп, оқыту әдістемесін жасап, ұсыну қажет екендігі бойынша ұсыныстар берілген.

.pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бостанов, Б. і Суранчиева, З. 2021. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ДИСКРЕТТІ МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 156–161. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.21.