Мектептегі оқу процесіне білім беру әдістерін енгізу әр педагогтің немесе оқу бағдарламасын жасаушының өз оқыту тұжырымдамалары мен оқыту принциптерін қалыптастыру білім беру ортасында тиімді жүзеге асыруға тырысатындығымен анықталады. Бұл зерттеу роботты басқарып, оған пәрмен беруге арнайы жасалған интерфейсті қолдана отырып робототехниканы оқытуға бағытталған. Осы уақытқа дейін жинаған зерттеулерді талдау барысында бастауыш сынып оқушыларына робототехника әдістерін үйрену кезінде қиындықтарға тап болатынын көрсетеді. Педагогикалық эксперимент туралы жиналған ақпарат зерттеу гипотезасын растады. Егер робототехника пәнінің бірегей жүйесін, бастауыш мектеп оқушыларының робототехниканы жобалау дағдыларын дамытудың нысандары мен әдістерін арнайы кіріктірілген интерфейс арқылы жүретін роботты басқару негізінде тапсырмалар мен практикалық тапсырмаларды шешуді білім саласына кіріктіретін болсақ, онда робототехниканы оқытудың тиімділігін арттыруға, оқушылардың танымның модельдік сипаты туралы түсініктерін қалыптастыруға және олардың білім және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Алынған нәтижелер роботты арнайы интерфейс арқылы басқару - бастауыш сынып оқушыларының әр нақты критерий бойынша робототехниканы жобалау дағдыларын арттыруға ықпал ететіндігін көрсетеді, бұл бастауыш сынып оқушыларына робототехника пәнін оқытуды жеңілдететінін айқын дәлелдейді.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Батырхан, З., Диқамбай, Н. і Сыдыхов, Б. 2021. МОБИЛЬДІ АДЫМДАУШЫ РОБОТТЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 136–142. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.18.