Қазіргі кезде, бұл салада жасалған әзірлемелердің көптігіне қарамастан, шынайы желілерде нақты қай алгоритмнің қолданылып жүргенін айту өте қиын. Оған себеп, біріншіден, алгоритмдердің әмбебаптығының жоқтығы, яғни трафик түрі мен желі типтерінің әртүрлілігіне қарамастан жұмыс көрсеткішінің бірдейлігінің болуы, мысалы, энергияның жұмсалуына немесе арнаның бос еместігіне, кезекте күтіп тұру іркілісіне, бағдарлаушы аралығының көлеміне тәуелділік. Екіншіден, мүмкін болған барлық жағдайларда жақсы жұмыс жасайтын алгоритм параметрлерін баптау қиындығы. Өткізу қабілеттігін тиімді қолдану үшін желі қызмет көрсетуінің ең тиімдісін және ресурстарды максималды қолдануды қамтамасыз ететін кезекте күтіп тұруды басқару алгоритмін таңдау қажет.
Бұл мақалада қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудің негізгі тетіктері, кезекті басқарудың алгоритмдерінің жұмыс істеу принциптері мен модельдеу дағдыларын, топологиялық моделін құру, модельде негізгі топологиялық объекттер түрінде өндірістік мәліметтерді жіберу арналары мен орта компоненттері, корпоративті мәліметтерді өңдеу мен алмасу процесінде кезектерді тиімді басқару алгоритмі туралы баяндалған.