Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы танымдық қызмет саласында, атап айтқанда білім беруде де түбегейлі өзгерістерге әкеледі. Информатика пәнінің дидактикалық тәжірибе барысында қолданылған модельдеу әдісі маңызды өзгеріске ие болып табылады. Модельдеу - үрдістер мен құбылыстарды зерттеудің кең таралған әдістерінің бірі, ол ғылыми зерттеулер және оқыту барысында кеңінен қолданылады. Мақалада модельдеудің информатика пәнін оқытуда күрделі нысандарды зерттеудің әмбебап тәсілі ретіндегі рөлі талданып, жалпы бағдарламалық жасақтамада модельдеу бөлімін оқытудың негізі ретінде маңыздылығын дамыту жолдары көрсетіледі. Информатика пәнінің модельдеу бөлімін оқыту мәселелеріне көңіл бөлу барысында оқыту маңыздылығына тоқталып, негізгі мектеп оқушыларына информатика пәнін оқытудағы модельдің рөлі, оқыту әдістемесінің технологиясын қарастыру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру және дағдыларын қалыптастыру жолдарын қамтиды.
НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МОДЕЛЬДЕУ БӨЛІМІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жарияланған December 2021
155
140
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тілеубай , С., Төлеу, Н. і Казбекова, Г. 2021. НЕГІЗГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МОДЕЛЬДЕУ БӨЛІМІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 227–233. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.31.