Бүгінгі таңда адам өмірі мен білім беруде цифрлық технологиялардың рөлі артып келеді. Есептеуіш ойлау ұғымы цифрлық дәуірдің негізгі ұғымына айналуда. Білім беру үрдісінде осындай ойлауды пайдалану білім алушыларға проблемалар мен міндеттерді шешуге, әртүрлі ақпаратты креативті және жүйелі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Мақалада «Есептеуіш ойлау» ұғымы, есептеуіш ойлау элементтері (абстракция, декомпозиция, жалпылау, алгоритмдер), сонымен қатар есептеуіш ойлауды бағалауға қолданылатын тәсілдер қарастырылған. Есептеуіш ойлау ұғымының және оның компоненттерінің практикалық анықтамасы отандық еңбектерде кеңінен қарастырылмағандықтан, мақала шетелдік ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерттеу мен талдау негізінде жазылған.
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЕСЕПТЕУІШ ОЙЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАҒДЫЛАРЫ
Жарияланған December 2021
121
104
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Камалова, Г. і Акжолова, А. 2021. ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЕСЕПТЕУІШ ОЙЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАҒДЫЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 168–173. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.23.