Мұнай қабаттарындағы гидродинамикалық процестерді модельдеу мұнай өндіру саласындағы маңызды есеп болып табылады. Модельдердің көмегімен нақты жағдайда резервуардың әрекетін болжауға болады. Ньютон әдісі модельдеу есептерін шешуде қолданылатын көптеген алгоритмдердің негізінде жатыр. Бұл жұмыста екі фазалы сұйықтықтың қозғалыс моделі қарастырылады. Сұйықтықтың қозғалысын сипаттайтын теңдеулер сызықты емес жүйе болып табылады және Ньютон әдісімен сызықтық түрге келтіріледі. Алынған сызықтық теңдеулер жүйесі жалпыланған минималды сәйкессіздіктер әдісімен шешіледі. Есептеу уақытын тездету үшін қайта бастаулармен жалпыланған минималды сәйкессіздіктер әдісінің алгоритмі қолданылады. Әзірленген алгоритмдер сыналды және алынған нәтижелер талданды. Сандық нәтижелер көрсеткендей, мұнай қабатына су айдау есебі үшін жалпыланған минималды сәйкессіздіктер әдісінің қайта бастаулармен алгоритмі модификациясыз алгоритмге қарағанда тезірек жұмыс істейді, бірақ қайта бастаудың итерация қадамдарының оңтайлы мәнін практикалық анықтауды қажет етеді.
ЕКІ ФАЗАЛЫ СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ЖЫЛЖУЫН НЬЮТОН ӘДІСІНІҢ КӨМЕГІМЕН МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланған December 2021
134
117
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қасымбек, Н. і Лебедев, Д. 2021. ЕКІ ФАЗАЛЫ СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ЖЫЛЖУЫН НЬЮТОН ӘДІСІНІҢ КӨМЕГІМЕН МОДЕЛЬДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 38–44. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.05.