Мақалада болашақ информатика мұғалімдеріне желілерді модельдеу негізінде компьютерлік желілерге оқытудың тиімділігі жайлы қарастырылған. Тәжірибе Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институты мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында жүргізілді. Желіні модельдеу негізінде болашақ информатика мұғалімдеріне компьютерлік желіні оқыту бойынша тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізудің әдістемесі мен әдістері сипатталған. Эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау кесте, диаграмма түрінде графикалық түрде ұсынылған. Педагогикалық эксперимент үш кезеңде жүргізілді: айқындаушы, қалыптастырушы, қорытынды. Эксперименттік жұмыстың кезеңдерінде келесі зерттеу әдістері қолданылды: талдау, жалпылау, жүйелеу, байқау, сауалнама, тестілеу, зерттеу және педагогикалық тәжірибені жалпылау. Эксперименттік жұмыстың нәтижесінде желілерді модельдеу негізінде компьютерлік желілерге оқыту бойынша әзірленген әдістеменің тиімділігі тексеріледі.
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ЖЕЛІНІ МОДЕЛДЕУ НЕГІЗІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТЕКСЕРУ
Жарияланған December 2021
171
203
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бидайбеков, Е., Шекербекова, Ш. і Жабаев, Е. 2021. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ЖЕЛІНІ МОДЕЛДЕУ НЕГІЗІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТЕКСЕРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 76, 4 (Груд 2021), 143–148. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-7901.19.