Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

СЫЗЫҚТЫҚ ФУНКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЭКСТРЕМУМ ЕСЕПТЕРІ

Жарияланған March 2022

130

147

Б. Косанов+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Ж. Қайыңбаев+
Сулейман Демирель атындағы Университет, Алматы қ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Сулейман Демирель атындағы Университет, Алматы қ,
Аңдатпа

Мақалада сызықтық функциямен байланысты экстремум есептері қарастырылған. Мақаланың мақсаты: сызықтық функциямен байланысты экстремумға берілген есептер тобын шешудің жалпы әдісін көрсету және бұл әдістің оқушыларға ерте бастан-ақ экстремумға берілген есептер туралы білімдер берудегі маңыздылығын айқындау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына экстремумға берілген есептерді шешуді оқытып-үйретуге кешенді тұрғыдан келу зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады. Зерттеу  барысында мынадай нәтижелер алынған: «экстремумға берілген есептер» ұғымы анықталған, сызықтық функциямен байланысты экстремумға берілген есептердің құрылымы қарастырылған, сызықтық функцияның экстремумын табуға келтіретін есептерді шешудің жалпы әдісі жасалған, осындай есептермен жұмыс істеудің кезеңдері көрсетілген. Берілген әдістің функцияның экстремумын есептеуді талап етпейтіндігі және оның сызықтық функцияның қандай да бір кесіндідегі монотондылығына негізделгені атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі заманғы оқушы экстремумға берілген есептерді туынды арқылы шешуді біліп қана қоймай, оларды шешудің элементар әдістерімен қарулануы тиіс.

.pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Косанов, Б., Қайыңбаев, Ж. і Ардабаева, А. 2022. СЫЗЫҚТЫҚ ФУНКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЭКСТРЕМУМ ЕСЕПТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Бер 2022), 182–187. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7901.25.