Бұл мақалада жалпы білім беретін орта мектептің 6-сыныбында информатика сабағында Python программалау тілін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері қарастырылады. Орта мектепте оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, информатика пәнінен программалау тіліне оқыту курсы жасалады. Осы зерттеу жұмысының барысында Алматы қаласындағы жалпы білім беретін орта мектепте эксперимент өткізіледі, оқыту курсын тәжірибе түрінде тексерілді. Зерттеу нәтижесінде Python программалау тілін үйрету бойынша Canvas LMS платформасында курс жасалынады. Курстың әдістемелік және техникалық мазмұны ашып көрсетіледі. Оқушылардың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі оқу көрсеткіштері көрсетіледі. Оқушылардың программалауға қызығушылығы артып, есептер шығаруға дағдыланады. Бұл курсты пандемия кезінде синхронды және асинхронды оқытуда қолдануға болады. Бұл бағытта зерттеулердің болашағы зор, себебі программалау болашақтағы қажетті дағдылардың бірі болып табылады.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған June 2022
672
1315
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мадьярова, Г. і Ешенкожаев, Н. 2022. ОРТА МЕКТЕПТЕ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Чер 2022), 212–219. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.266.