Функционалды-графикалық желілер математика курсын оқыту әдістемесінің негізгілерінің бірі болып табылады. Бұл сызықтың басымдығы-математиканың басқа маңызды сызықтарын зерттеу функция ұғымының призмасы арқылы жүзеге асырылады. Математиканы оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, функция ұғымының абстрактілі және оқушылардың қабылдауы үшін өте күрделі екені белгілі. Сондықтан, функционалдыграфикалық желіні іске асыру барысында зерттелетін объектілер мен ұғымдарды визуализациялауды күшейту мақсатында, оқушыларға функцияларды түсіну және зерттеу үшін физикалық мазмұнды есептер жүйесін қарастыруды көбейту қажет. Мектеп алгебра курсында функционалды-графикалық әдіс екі белгісізді теңдеулер жүйесін шешуде, сол сияқты бір белгісізді теңдеулерді шешуде сирек қолданылады. Мақалада, мектеп алгебра курсында екі айнымалысы бар сызықты теңдеулер жүйесін оқытуда физикалық мазмұнды есептер шығарту мәселелері қарастырылған. Мұнда қарастырылған, физикалық мазмұнды есептер алгебрада өтілетін функционалдыграфикалық желілер мазмұнымен өзара байланысты және қарастырылатын тақырыпты тереңдетуге, практикалық мазмұнын ашуға мүмкіндік беретіндей жағдайларына баса көңіл бөлінген. Мақалада ұсынылып отырған физикалық мазмұнды есептер, алгебраның сызықты функциялары мен олардың графиктерін, функцияларды зерттеуге және осы функцияларға байланысты теңдеулер мен теңдеулер жүйесің құрастырып шешуге арналған.
ЕКІ АЙНЫМАЛЫСЫ БАР СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІНЕ КЕЛТІРІЛЕТІН ФИЗИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР
Жарияланған December 2020
170
145
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурмаганбетова, Ж. , Аширбаев, .Н. , Полатбек, .А. і Байдибекова, А. 2020. ЕКІ АЙНЫМАЛЫСЫ БАР СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІНЕ КЕЛТІРІЛЕТІН ФИЗИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 48–55. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.07 .