Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

КРИТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ КВАЗИСЫЗЫҚТЫҚ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ШАРТТЫ-ПЕРИОДТЫ ШЕШІМІНІҢ БАР БОЛУЫ

Жарияланған December 2020

141

118

Ж. Сулейменов+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ
С.Қ. Қуаныш+
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ
Аңдатпа

Сызықтық емес тербелістер теориясында жиілігі өлшемдес емес бірнеше тербелістердің қабаттасып келуі нәтижесінде пайда болатын шартты-периодты тербелістермен жиі кездесуге тура келеді. Осындай резонанстық жағдайдағы квазисызықтық жүйенің шартты-периодты шешімін табу үдерісі «кішкене бөлім» мәселесін туындатады. Бұл мәселе шешімнің бар болуын дәлелдеу мен оны құру есебін қиындата түседі. Біздің ұсынып отырған мақаламызда В.И. Арнольдтың, И. Мозердің және басқа да зерттеушілердің жұмыстары негізінде екінші ретті бір критикалық жағдайдағы квазисызықтық дифференциалдық жүйенің шартты-периодты шешімінің бар болатындығы дәлелденіп, оны құру жолы көрсетіледі. Шешімді құру барысындағы жуықтау тізбегі Н.Н. Боголюбов, Ю.А. Митропольский, А.М. Самойленколар ұсынған үдемелі жинақтылық әдіске сүйеніп берілді. Жұмыстың нәтижесін нақты дифференциалдық жүйелердің шарттыпериодты шешімдерін құру үшін пайдалануға болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сулейменов, Ж. і Қуаныш, С. 2020. КРИТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ КВАЗИСЫЗЫҚТЫҚ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ШАРТТЫ-ПЕРИОДТЫ ШЕШІМІНІҢ БАР БОЛУЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 56–62. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.08.