Зерттеудің мақсаты – IT терминдері мен сөз тіркестерінің электрондық сөздігінде қолданылатын әдістерге шолу жасау және сөз мағынасын сақтай отырып тәржімесін беретін әдісті таңдау. Мақалада электрондық сөздіктерде машиналық аударуда қолданылатын әдістер қарастырылады: тура аударма әдісі, жанама аударма әдісі, кері аударма әдісі – олардың ішінде тура аударма мен жанама аударма бірнеше ішкі әдістерден тұрады. Бұл әдістерден бір ғана терминологиялық сөз тіркесінің әр түрлі әдістерді қолдану арқылы, бірнеше мағыналы аудармасын ала алатынымыз көрінді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы- қазіргі қарқынды дамып келе жатқан Ақпараттық технологиялар саласындағы терминдер мен сөз тіркестерінің электрондық сөздігінде қолданылатын әдістерді анықтау. Нәтижесінде тура аударма мен кері аударма әдістері – Ақпараттық технологияларда пайдаланылатын терминдер мен сөз тіркестерінің аудармаларының бастапқы мағынасы мен мәнін сақтайтын әдістер екендігі анықталды.
The IT ТЕРМИНДЕРІ МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ СӨЗДІГІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРГЕ ШОЛУ
Жарияланған June 2022
197
226
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Рахимова, Д., Бурибаев , Б., Турарбек, Ә. і Кенесова, Н. 2022. The IT ТЕРМИНДЕРІ МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ СӨЗДІГІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕРГЕ ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Чер 2022), 150–159. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.19.