Математиканың «Сандық анализ» және «Жуықтаулар теориясы» атауларына ие бөлімдерінің негізгі ұғымдарының бірі – «диаметр» ұғымы. Қойылған мақсатқа байланысты әртүрлі диаметрлер қарастырылады. Бұл жұмыста компьютерлерде іске асыруға болатын ең жақсы есептеу агрегаттарын табуға бағытталған компьютерлік (есептеуіш) диаметрі аясында көпөлшемді 1– периодты анизотропты Соболев класында жататын функцияларды оптималды интегралдау есебі зерттелген. Дәл айтқанда, сандық мәлімет ретінде қарастырылып отырылған функцияның саны ақырлы нүктелердегі мәндері алынғанда, біріншіден, оптималды интегралдау нәтижесінде пайда болатын қателіктің дәл реті анықталған және сол дәл ретті жүзеге асыратын нақты есептеу агрегаты ұсынылған; екіншіден, нақты есептеу агрегатының шектік қателігі табылған; үшіншіден, функцияның саны ақырлы нүктелердегі мәндері бойынша құрылған әрбір есептеу агрегатының шектік қателігі ұсынылған нақты есептеу агрегатының шектік қателігінен жақсы болмайтыны (реті бойынша) дәлелденген.
ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОЛАРДЫҢ ДӘЛ ЕМЕС МӘНДЕРІ БОЙЫНША ИНТЕГРАЛДАУ ТУРАЛЫ
Жарияланған June 2022
160
116
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Утесов, А. 2022. ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОЛАРДЫҢ ДӘЛ ЕМЕС МӘНДЕРІ БОЙЫНША ИНТЕГРАЛДАУ ТУРАЛЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Чер 2022), 32–40. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.04.