Ұсынылған жұмыста жоғары оқу орнының оқытушыларына «Сандық қатар және оның жинақтылығы» тақырыбын білім алушыларға баяндаудың бір әдісі ұсынылған. Жоғары оқу орындары студенттерінің оқу үрдісінде қолдануға арналған «Математикалық анализ» және «Жоғары математика» пәні бойынша оқулықтардың көпшілігінде сандар қатарының анықтамасы «Сандық қатар деп сан тізбегінің мүшелерінің шексіз қосындысын айтамыз» немесе «Сандық қатар деп сан тізбегінің мүшелерінен құрылған өрнекті айтамыз» деген білім алушы үшін сандық қатардың мағынасы неде екені ашылмаған түрлерде беріледі.
Ұсынылып отырған мақалада тақырыпты баяндауды, алдымен білім алушыға, әзірше тек бірнеше сан үшін ғана тән қосынды ұғымын сан тізбегіне дейін жалғастыру мәселесі мен оны шешу жолын талдаудан бастап, сонан соң сандық қатар ұғымын мүшелерін қосындылау тұрғысынан қарастырылатын сан тізбегі ретінде енгізіп және оның қосылғыштар деп аталмай, сандық қатар деп не себепті аталуына тоқталу реттілігімен баяндау жолы ұсынылады. Авторлар әдістемені, тақырыпты осылайша бірізді сипаттау желісімен баяндау, тақырыптың материалдарының толық меңгеруілінуіне зор ықпалын тигізеді деген оймен ұсынады.