Мақала қазіргі күні өзекті болып табылатын жаңартылған білім мазмұнын енгізу шеңберінде көптілді білім беру мәселесіне арналған. Мектептегі физикалық білім беру мазмұнын жаңартудың алдында тұрған басты мақсаттар жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жаңғырту жағдайында болашақ физика мұғалімдерінің ағылшын тіліндегі кәсіби-әдістемелік дайындығын жетілдірудің қажеттілігін көрсетеді. Педагогикалық жоғары оқу орындарында физикалық білім беру мазмұны мектептегі физика курсымен сабақтастық болуы керек, физика әдістемелік пәндермен кіріктіліп, ағылшын тілінде оқытылуы қажет. Ал бұл өз кезегінде болашақ физика мұғалімдерін кәсіби-әдістемелік даярлаудың сапасын арттырады. Көптілді білім беруді жүзеге асыру үшін оқыту үдерісінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесін қолдану келтірілді. Пәндік-тілдік кіріктірілген оқытудың Content Language Integrated Learning (CLIL) және English аs a Medium of Instruction (EMI) екі тәсілі қарастырылды.
ФИЗИКАНЫ КӨПТІЛДІ ОҚЫТУДА ПӘНДІК-ТІЛДІК КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ
Жарияланған December 2020
357
204
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Анаева, Э. і Баймолда, .Д. 2020. ФИЗИКАНЫ КӨПТІЛДІ ОҚЫТУДА ПӘНДІК-ТІЛДІК КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 92–96. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.14 .