Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МЕКТЕПТІҢ ИНФОРМАТИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ

Жарияланған June 2022

171

179

А.А. Акжолова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Г.Б. Камалова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Е.К. Хеннер+
Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті, Пермь қ., Ресей Федерациясы
Е.М. Байзакова+

Аңдатпа

Орта ғасыр дәуірінің ұлы ойшылы әл-Фарабидің тригонометриялық мұрасы – әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан орасан зор теориялық және практикалық құндылыққа ие. Ол бір градусты синусты табудың және практикадағы әртүрлі есептерді шешуге қажетті тригонометриялық кестелерді құрудың бірегей алгоритмдерін ұсынады. Оларды қазіргі заманғы информатика-математикалық білімге енгізу ұлы ғалымның мұрасын кеңінен дәріптеуді ғана емес, сонымен қатар, тригонометрияны оқыту мазмұнын байытуға, оның қолданбалы бағытын күшейтуге, оқушылардың математика мен информатика саласындағы пәндік білім жүйесін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, компьютерлік бағдарламалық жасақтамасыз кесте құру мүмкін емес. Әл-Фарабидің математикалық мұрасының басым бөлігін, оның ішінде тригонометрия бойынша еңбектерін алғаш рет Ислам шығысының математика және педагогика тарихы саласын салыстырмалы түрде белгілі қазақстандық ғалым Ауданбек Көбесов тауып, зерттеді. Бірақ, әл-Фарабидің тригонометриялық мұрасының дидактикалық әлеуетін және оны оқу үдерісіне енгізу мәселелерін әлі ешкім зерттеген жоқ. Бұл жұмыстың мақсаты – ұлы ғалымның тригонометриялық мұрасымен танысу, оны мектептегі информатика-математикалық білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндігін зерттеу және оқытудың тиімділігін арттыруда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Акжолова, А., Камалова, Г., Хеннер, Е. і Байзакова, Е. 2022. МЕКТЕПТІҢ ИНФОРМАТИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Чер 2022), 195–205. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7901.24.