Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ГИПЕРБОЛАЛЫҚ-ПАРАБОЛАЛЫҚ ТЕҢДЕУ ҮШІН ШЕКАРАЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ШЕКТЕУЛІ-АЙЫРЫМДЫҚ АНАЛОГЫНЫҢ ШАРТТЫ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ

Жарияланған March 2023

182

107

Г.Б. Баканов+
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті, Түркістан қ., Қазақстан
С.К. Мелдебекова+
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті, Түркістан қ., Қазақстан
Аңдатпа

Бұл жұмыста гиперболалық-параболалық теңдеу үшін шекаралық есептің шектеулі - айрымдық аналогы қарастырылады. Мұндай есепке қисықтар үйірі үшін қойылған интегралдық геометрия есебі келтіріледі. Бұл есептің тегіс функциялар кеңістігінде шешімі бар деп жорамалданып, орнықтылық бағалауы дәлелденді.  Интегралдық геометрияның мұндай есептері көптеген қолданыс тапқан, оның ішінде сейсмобарлау мәліметтерін интерпретациялау есептері, компьютерлік томография және техникалық диагностика есептері. Интегралдық геометрия есептерінің айрымдық аналогтарын зерттеудің өзіне тән күрделі тұстары бар, үзіліссіз қойылымда алынатын көптеген қатынастар дискретті аналогқа ауысқанда анағұрлым күрделі түрге ие болады  және ығысу барысында туындайтын қосылғыштарға қатысты қосымша зерттеулерді талап етеді. Мұндай есептердің жалпы жағдайда шешім бар болуының теоремасы болмағандықтан  шартты корректілік ұғымы қолданылады. Бұл мақалада алынған гиперболалық-параболалық теңдеу үшін шекаралық есептің шектеулі - айрымдық аналогының шартты орнықтылық бағалауы геотомография, медициналық томография, дефектоскопия және т.б. есептерді шешуде қолданылатын сандық әдістердің жинақтылығын көрсету үшін өте маңызды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Баканов, Г. і Мелдебекова, С. 2023. ГИПЕРБОЛАЛЫҚ-ПАРАБОЛАЛЫҚ ТЕҢДЕУ ҮШІН ШЕКАРАЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ШЕКТЕУЛІ-АЙЫРЫМДЫҚ АНАЛОГЫНЫҢ ШАРТТЫ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2023), 37–46. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.004.