Бұл жұмыста ұзақ өмір сүретін 6Li ядросының резонанстық күйлерін және 6Li ядросының синтезіне әкелетін радиациялық қарпу реакцияларын зерттеулер нәтижелері келтірілген. Литий мәселесінің ядролық физика және ядролық астрофизика салалары үшін маңыздылығына байланысты, алғашқы нуклеосинтез реакциялары жаңа есептеу әдістерін қолдана отырып зерттеу және қарастыру үшін үлкен қызығушылық тудырады. Кластерлік моделдер аталған проблеманы шешуде және теориялық талдау жасау үшін күшті құрал болып табылады. Осындай моделдердің бірі - бұл мәселені жаңа қырынан зерттеуге және резонанстық күйлері туралы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін, микроскопиялық кластерлік модель немесе резонацияланатын топтар әдісінің алгебралық нұсқасы (РТӘАН) әдісі. Ядролық күштердің табиғатын зерттеу үшін, бұл есепке өзіндік ерекше сипаттамалары мен алмасу параметрлері бар, модификацияланған Хасегава-Нагата потенциалы таңдалды. Алынған мәліметтер эксперименттік мәліметтермен салыстырылды және жақсы сәйкес келді,осы әдістеме ғалам пайда болғаннан кейінгі алғашқы үш минутта басталған осындай ракцияларды сипаттауда қолдануға болатындығын көрсетті.
ЕКІ КЛАСТЕРЛІК МИКРОСКОПИЯЛЫҚ МОДЕЛДІ ҒАРЫШТЫҚ ЛИТИЙЛІК МӘСЕЛЕМЕН БАЙЛАНЫСҚАН ПРОЦЕССТЕРДІ ЗЕРТТЕУГЕ ҚОЛДАНУ
Жарияланған December 2020
183
202
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Калжигитов, Н. , Курмангалиева, В., Аманжол, Н. і Тураров, .Б. 2020. ЕКІ КЛАСТЕРЛІК МИКРОСКОПИЯЛЫҚ МОДЕЛДІ ҒАРЫШТЫҚ ЛИТИЙЛІК МӘСЕЛЕМЕН БАЙЛАНЫСҚАН ПРОЦЕССТЕРДІ ЗЕРТТЕУГЕ ҚОЛДАНУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 105–111. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.16 .