Мақалада пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеуге арналған экструдер әзірлеу бойынша STEAM жобасын жоғары білім жүйесіне кіріктіру арқылы іске асыру тәжірибесі талқыланады. Зерттеу аясында 3D принтердің филаментін шығаруға арналған пластикті қайта өңдеу экструдері әзірленді. Ғылыми білімді, цифрлық дағдыларды және студенттердің шығармашылық ойлауын біріктіруге мүмкіндік беретін инженерлік, технологиялық және педагогикалық аспектілерді біріктіруге басты назар аударылды. Экструдерді әзірлеу тек техникалық тапсырма ретінде ғана емес, сонымен қатар 3D модельдеу, параметрлерді цифрлық бақылау және тұрақты даму саласындағы құзыреттерді қалыптастыратын оқу құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында құрылғының техникалық сипаттамалары талданды, жіп өндіру бойынша тәжірибелер жүргізілді, деректерді өңдеу және визуализация үшін цифрлық құралдарды пайдаланудың тиімді білім беру әсері бағаланды. Нәтижелер мұндай жобаларды жүзеге асыру қазіргі қоғамда сұранысқа ие цифрлық құзырлылық, топтық жұмысты және тәжірибеге бағытталған дағдыларды дамытуға ықпал ететінін негіздейді.
STEAM-ЖОБА РЕТІНДЕ 3D ПРИНТЕРДІҢ ФИЛАМЕНТІН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСТРУДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
Жарияланған September 2025
4
2
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Курмангалиева, Н., Ерсин, М., Камалова, .Г. і Сейдуәлі, Қ. 2025. STEAM-ЖОБА РЕТІНДЕ 3D ПРИНТЕРДІҢ ФИЛАМЕНТІН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСТРУДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 221–229. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.020.
https://orcid.org/0000-0003-4314-2781