Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ИНФИЛЬТРАЦИЯЛЫҚ ТИПТІ УРАН КЕН ОРЫНДАРЫН МОДЕЛЬДЕУГЕ АРНАЛҒАН ГЕОСТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРУ

Жарияланған June 2022

195

71

Д.Е. Айжулов+
КеАҚ К.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университет
https://orcid.org/0000-0001-5496-4639
М.С. Тунгатарова+
К.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы
https://orcid.org/0000-0003-3138-3326
КеАҚ К.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университет
К.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы
Аңдатпа

Инфильтрациялық типті кен орындарының қалыптасуына қатысатын фильтрация процессі уран кен орындарының геометриясы мен мөлшеріне аса әсер етеді, соның нәтижесінде геологиялық модельдеу барысында дәстүрлі әдістерді қолдану кезінде қиындықтар туады. Айтылған әдістерді верификациялау іс-жүзінде мүмкін емес, өйткені кен орнының нақты минерализация бейнесі туралы мәліметтер жоқ. Бұл жұмыста авторлар, инфильтрация процессі нәтижесінде қалыптасқан түзілімге тән, ерекше процесстерді ескере отырып, реакцияланатын тасымалды модельдеу нәтижесінде жасалған синтетикалық модельді қолданады. Жасалған жұмыстар аясында екі дәстүрлі әдіс тестіленді: кері өлшемді қашықтық және кригинг. Салыстыру нәтижесі, қолданылатын барлау ұңғымаларының әртүрлі сандары үшін, қорларды бағалау көзқарасынан және параметрлерді дұрыс таңдаған жағдайда кері өлшемді қашықтық әдісі кригингпен салыстырғанда жоғары дәлділікті қамтамасыз ететінін көрсетті.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Aizhulov, D. і Tungatarova, M. 2022. ИНФИЛЬТРАЦИЯЛЫҚ ТИПТІ УРАН КЕН ОРЫНДАРЫН МОДЕЛЬДЕУГЕ АРНАЛҒАН ГЕОСТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Чер 2022), 83–90. DOI:https://doi.org/10.51889/5747.2022.61.53.010.