Бұл мақалада биіктігі H және ұзындығы L екіөлшемді тіктөртбұрышты аумақта екі-масштабты математикалық модельмен сипатталатын карбонатты тау-жынысының еруі қарастырылды. Аталған аумақтың жақтарының қатынасының (F=H/L) "керн" и "ұңғы аумағы" масштабтарында еру процесіне әсері зерттелді. Аумақ масштабы өскен сайын еру каналының құрылымы түзу және кеңдеу пішіннен тармақталған және жіңішке пішінге ауысатындығы байқалды. Аумақ масштабының өзгеруі осы мақалада қарастырылған кеуектілік коэффициенттері үшін қышқылдың жарып шығуына қажетті көлемге айтарлықтай әсер ететіндігі көрсетілді, және "ұңғы аумағы" масштабында F параметрінің түгелдей дерлік мәнінде "керн" масштабымен салыстырғанда екі есе аз қышқылдың көлемі қажет екендігі көрсетілді. Сонымен қатар, қышқылдың жарып шығуына қажетті көлем F параметрінің түгелдей дерлік мәні үшін аумақтың ұзындығына байланысты аппроксимация дәлдігінің коэффициенттері жоғары ( ) болатын айқын заңдылығымен өзгеретіндігі көрсетілді. Аталған заңдылық лаборатория жағдайында алынған қышқылдың жарып шығуына қажетті оптималды көлемін әлдеқайда жоғарырақ масштабқа, мысалы, ұңғы маңы масштабына экстраполяция жасауға мүмкіндік береді.
КАРБОНАТТЫ ТАУ ЖЫНЫСЫНЫҢ ЕРУІН САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ: АУМАҚ МАСШТАБЫНЫҢ ӘСЕРІ
Жарияланған September 2022
244
72
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асилбеков, Б., Акашева, Ж., Болысбек, Д. і Кульджабеков, А. 2022. КАРБОНАТТЫ ТАУ ЖЫНЫСЫНЫҢ ЕРУІН САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ: АУМАҚ МАСШТАБЫНЫҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Вер 2022), 63–72. DOI:https://doi.org/10.51889/3035.2022.74.92.008.