Алгебра пәнінде оқушылардың оқу сауаттылығын математикалық дискурстар арқылы дамыту үшін «Екі жақты күнделікті» және концептуалды оқыту сабақтарына сәйкес тапсырмаларды қолдану біздің тәжірибемізде педагогикалық зерттеудің негізгі мақсаты болып табылады. Мұнда оқушылардың топта жүргізілген зерттеу нәтижелері - деректерді интерпретациялау, сұрақтар қою арқылы талдау – сәйкестендіру негізінде «Екі жақты күнделік» тәсілі арқылы қорытынды тұжырым жасай алу жолдары қарастырылады.
Зерттеу нысаны ретінде 7-ші сыныптың алгебра пәні алынды. Зерттеу жұмысы оқушыларға арнайы құрастырылған тапсырмаларды оқып, талдау арқылы ондағы шамалардың әртүрлі көріністерін сәйкестендіру, алынған сәйкестіктен қорытындылар жасауды қамтыды. Алгебра пәнінде оқушылар шынайы өмірден алынған тапсырмалардағы шамалар арасындағы тәуелділікті талдау, сәйкестендіру үшін математикалық заңдылықтарға сүйеніп, концептуалды түсінігін дамытады.