Мақалада қашықтықтан оқытуда емтихан кезінде академиялық адалдық мәдениетін сақтау мәселелері қарастырылған. Екі жыл бойы жүргізілген зерттеулерінің негізінде авторлар онлайн емтихандарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар береді, әртүрлі бақылау түрлерін және академиялық адалдықты сақтауға мүмкіндік беретін сәйкес цифрлық технологияларды қарастырады. Онлайн емтихан кезінде мүмкін болатын тәртіп бұзушылықтарды анықтап, себептерін талдап, шешу жолдарын ұсынылады. Сыни ойлауды дамытатын және академиялық адалдық кодексінің кез келген бұзылуына төзімділігі жоғары емтихан түрлері ретінде ашық және жабық жазбаша емтихан, жобалау және практикалық емтихандар, сондай-ақ прокторинг жүйесі пайдаланылатын тестілеу емтихандарын көрсетеді. Сонымен қатар, академиялық адалдық мәдениетін нығайтудың нормасына айналуы тиіс қағидаттар айқындалады.