Қазіргі уақытта чатботтарды электрондық коммерцияда, өнеркәсіпте, сондай-ақ, білім беру жүйесінің барлық салаларда кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл мақалада біз чатботты білім беру үдерісінде қолданудың кейбір маңызды ерекшеліктерін, оларды студентке бағытталған оқыту тәсілінде қолдану әдістерін бөліп көрсетеміз. Чатботты қолданудың негізгі артықшылығы оны білім беру үдерісінде қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жалпы ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл жұмыста чатботты оқытушылар мен студенттердің ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелер бойынша өзара әрекеттесуін жақсарту құралы ретінде оқу үдерісінде қолданудың теориялық аспектілері мен тиімділігі қарастырылады.
Білім беру чатботтары студенттер үшін икемді және олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Білім беру чатботы арқылы студенттер мәтіндік хабар алмасу немесе суреттер, бейнелер, аудио және басқа файлдар арқылы әртүрлі тақырыптарды талқылай алады. Әдеттегі сабақ сияқты, чатбот барлық қажетті оқу материалдарын қамтамасыз етеді және бақылау тесттерін өткізіп, нәтижелерді оқытушыға жібереді.
Чатбот - оқытушының виртуалды көмекшісі болып табылады. Өйткені студенттер жиі қоятын сұрақтарға жауап беруге арналған виртуалды көмекшінің рөлін атқаратын қосымша. Боттардың көмегімен студенттердің курс модульдері, үй тапсырмалары туралы сұрақтарына жауап беруге және олардың үлгерімін бақылауға, сондай-ақ студенттердің дағдылары мен кемшіліктерін талдау арқылы өзекті оқу материалдарын ұсынуға болады. Виртуалды көмекші арқылы оқытушылар студенттермен тереңірек әрекеттесе алады. Студентке бағытталған оқыту тәсілінде чатботты пайдалану, кез-келген уақытта және кез-келген жерде дербестендірілген қолдауды қамтамасыз етеді.