Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ

Жарияланған September 2023

100

66

Г. Салгараева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
https://orcid.org/0000-0001-9477-6245
A. Базарбаева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

 

Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында ақпараттық технология бағыты бойынша оқитын студенттерді практикаға бағыттап оқыту моделі кеңінен қолданыс табуда. Бұл модель оқу процесінде белсенді оқыту әдістерін пайдалану арқылы білім алушылардың кәсіби құзылеттіліктерін игеруіне ықпал етеді және әдетте үшінші жақтың, яғни жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді. Ақпараттық технологиялар саласындағы оқытудың осы түрінің көптеп қолданылатыны жиі байқалады, алайда көпжылдық зерттеулерге қарамастан, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда практикаға бағыттап оқытудың кейбір тәсілдерінің тиімділігі әлі де күмән тудырады. Бұл мақалада практикаға бағытталған білім беру бойынша соңғы жылдарда жарық көрген жарияланымдардағы тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға және талдауға байланысты мәліметтер келтірілген. Зерттеу барысы үш кезеңнен тұрады, яғни бірінші кезең, Scopus дерекқорында мақалаларды белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуден тұрады. Екінші кезең, іріктелген мақалаларға мазмұндық  талдау жасап, ғылыми жарияланымдарда қолданылған әдістерді аңықтау және библиографиялық талдау жасап, өзекті тақырыптарды табу; соңғы үшінші кезең, нәтижелерді қорытындылаудан тұрады. Зерттеу барысында ғылыми жұмыстарда практикаға бағытталған оқытуға деген қызығушылық соңғы жылдары айтарлықтай артқаны белгілі,  сонымен қатар зерттеушілердің түрлі ғылыми зерттеу әдістерін пайдалануы салыстырмалы түрде зерттелді. Жоғарыда көрсетілген библиографиялық талдауды іске асыру үшін VOSviewer қосымшасы қолданылды және талдау нәтижелері желілік визуализация арқылы көрсетілді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Салгараева, Г. і Базарбаева A. 2023. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2023), 246–252. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.83.3.027.