Қазіргі уақытта нақты білім беру нәтижесі оқушылардың функционалдық сауаттылығы болып табылады. Оқу-тәрбие процесінің қажетті нәтижеге жетуі көп жағдайда оны жүзеге асыратын мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Осыған байланысты мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға дайын және қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі қарастырылған. Мақалада функционалдық сауаттылық ұғымы, функционалдық сауаттылық құрауыштары, оларды қалыптастыру жолдары берілген. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуі, оған тез бейімделуі. Функционалдық сауаттылықтың негізі мектепте қаланады. Функционалдық сауаттылық адамның іс-әрекетінің, қарым-қатынастың және қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларында өмірлік міндеттердің барынша кең ауқымын шешу үшін барлық алынған білім, білік және дағдыларды пайдалана білуі. Оқушыны осындай әрекетке дайындау үшін болашақ мұғалім қандай құзыреттерді меңгеру қажеттігі зерттелген. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін мұғалімдер қандай арнайы белсенді, дамытатын білім беру технологияларын, тапсырмаларды іріктей алу жолдары қарастырылған.
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ
Жарияланған December 2022
132
178
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сәлғожа, И. і Қасекеева, А. 2022. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2022), 259–268. DOI:https://doi.org/10.51889/7193.2022.34.91.030.