Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МАТЕМАТИКА ПӘНІ АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланған June 2023

176

93

М.Ж. Талипова+
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
А.У. Бекбауова+
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан
Аңдатпа

Қазіргі кезде Қазақстанның төртінші технологиялық жаңғыруы заманында: ақпараттық технологияның қарқынды дамуы, жоғарғы технологиялық инновациялар мен өзгерістер, әлемді шарпыған пандемия кезіндегі қашықтан білім беру процесін жүзеге асыру, білім беру жүйесіне де айтарлықтай өзгерістер жасауда. Білім берудің мақсаты – білім алушы бойынан білім мен дағдыны қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар осы білім мен дағдыларды негізгі кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеруде және күнделікті өмірде қолдануға бағытталған құзыреттіліктерді дамыту болып табылады.

Мақалада математика пәнін оқытуда жаңа әдістерді, соның ішінде Clil, Stem технологияларын қолдана отыра, оқушы бойынан ақпараттық, коммуникативтік, проблемалар мен өзіндік менеджментін шешу құзіреттілікті дамыту сұрағының маңызы қарастырылған. Stem – эксперименттік практикалық оқытуды қарастырса, Clil – пәнаралық байланыстарды теориялық жағынан тілдік оқытуды негізге алады. Математикалық білім беруде жаңа әдістердің бірі Stem, Clil технологиясының тиімділігі айтылып, кіріктірілген сабақ маңызы мен кездесетін мәселелерді анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама талданды, Clil технологиясын қолданғанда кездесетін математикалық терминдердің сөздігі құрастырылды, Stem оқыту схемасы жасақталды, дифференциалдық теңдеулер тақырыбынан пәнаралық байланысты көрсететін сұрақтар жобасы ұсынылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Талипова, М. і Бекбауова, А. 2023. МАТЕМАТИКА ПӘНІ АРҚЫЛЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 166–176. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.018.