Мақала мамандарды даярлау сапасының өзекті мәселелеріне арналған. Авторлар студенттер тарапынан жиі қойылатын: бағдарламашыға, инженерге іргелі ғылымдарды, атап айтқанда математикалық білім негіздерін оқып үйренудің қажеттілігі бар ма? – деген сұраққа жауап табуға тырысады. Математикалық пәндердің мазмұны мен оқыту әдістемесі бойынша да мәселе бар. Математикалық ұғымдардың абстракттылығы, математикалық түсініктердің кәсіби қызметпен тікелей байланысының болмауы олардың оқуға деген ынтасының төмендеуіне алып келеді. Мақалада техникалық мамандықтар бойынша, атап айтқанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша оқитын студенттердің математикалық пәндер негіздерін оқытуда жобалар әдісін қолдану тәжірибесі келтірілген. Мәселені шешуге математика негіздерін практикалық қолдану бойынша жоба орындау болашақ бағдарламашылардың кәсіби қызметіндегі іргелі пәндердің маңыздылығын түсінуіне ықпал етеді, математика негіздерін оқуға деген ынтасын арттырады деген жұмыс гипотезасы ұсынылды. "Компьютерлік ойындарда жоғары математика элементтерін қолдану", "Бағдарламалауда қолданбалы сызықтық алгебра элементтерін қолдану туралы" тақырыптары бойынша жоба мысалдары келтірілген, эксперименттік және бақылау топтарындағы білім алушылардың үлгеріміне, ынталылығына салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген. Зерттеуде салыстырмалы талдау, сауалнама қолданылды.
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛІ ПӘНДЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ КЕЗІНДЕ ЖОБАЛАР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ
Жарияланған June 2023
91
54
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Дюсембаева, Г. і Нугуманов, Н. 2023. ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛІ ПӘНДЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ КЕЗІНДЕ ЖОБАЛАР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 127–139. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.014.