Мақалада жоғары оқу орындарында математикалық пәндерді оқытуда білім беру технологияларын тиімді пайдалану қарастырылады. Мақаланың мақсаттары оқытудың тиімділігіне әсер ететін теориялық зерттеулер жүргізу және оқу процесінде электрондық білім беру технологияларын қолдану бойынша оқытушылардың дағдыларын дамыту моделін құру болып табылады. Құрылған иерархиялық құрылымның негізінде сараптамалық сауалнама жүргізілді, нәтижелер иерархияларды талдау әдісімен талданды. Зерттеу Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында өтті, оған 5 сарапшы қатысты. Сарапшылардың жауаптары негізінде әр элементті егжей-тегжейлі талдай отырып, электронды білім беру технологияларын қолдану бойынша оқытушылардың дағдыларын жетілдіру моделі құрылды. Құрылған модель төрт элементтен тұрады: кәсіби деңгей, тренингтерге қатысу, электрондық білім беру технологияларын қолданудың практикалық дағдылары және білімдерін әріптестерімен бөлісуге дайын болу. Модель оқытушыларды қайта даярлаудың білім беру экожүйесін құру үшін ұсынылады, өйткені технология оқу процесінің сапасы мен тиімділігін едәуір арттыра алады, материалды игеруді оңтайландырады, студенттердің белсенділігін арттырады, "болашақ дағдыларын" қалыптастыруға және оқытушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға көмектеседі.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ МОДЕЛІ
Жарияланған June 2023
88
33
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Батырбаева, Ә. і Сеитова, С. 2023. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 212–219. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.023.