Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА SMART-БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған June 2023

149

84

Н.С. Каратаев+
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
А.Б. Ибашова+
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-1399-3545
А.Қ. Мошқалов+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-7079-6361
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Мақалада «робототехника», «ақпараттық білім беру ортасы», «smart-білім беру» ұғымдарына, робототехниканы оқытудың құрамдас құрылымдық компоненттеріне теориялық талдау жасайды. Қазіргі таңда робототехника курсы бастауыш сыныптан бастап оқытылуы өзекті тақырыптардың бірі болып тұр. Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа тәрбиелеу, қол мехатроникасын ерте бастан бастап дамыту, топтық және жұптық жұмыс жасауына белгілі бір дәрежеде үлес қосу айтарлықтай нәтижеге алып келері сөзсіз. Атап айтқанда бастауыш сынып оқушылары үшін  ақпараттық білім беру ортасын құру жайында айтылады. Кіріспеде робототехника жайында біраз мәлімет берілген. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына робототехниканы оқыту ақпараттық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ ақпаратты шебер зерделеуге және өңдеуге, заманауи техникалық құралдар мен әдістерді пайдалануға ықпал ететіндігі айтылған.  Осыған байланысты теорияның алынған білімді нақты өнімге айналдыру жолында оны қолдану тәжірибесімен байланысы мұғалімнің білім беру қызметі үшін маңызды екендігі жайлы мәлімет беріледі. Бастаушы сынып оқушыларына робототехникаға қызығушылықтарын арттыра отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру және оқушылардың бағдарламалау элементтерін оқытудың шығармашылық деңгейін жоғарылату арқылы ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Қорытынды бөлімінде оқушыларды осы тақырыптар бойынша жаттығулар жөнінде сөз қозғалған. Болашақта бастауыш сынып оқушылары үшін робототехника курс бойынша нақты әдістемелік құрал шығару жоспарлануда.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Каратаев, Н., Ибашова, А. і Мошқалов, А. 2023. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА SMART-БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2023), 237–245. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.82.2.026.