Бұл жұмыста Geogebra бағдарламасының көмегімен геометрия пәнінен 7 сыныпта өтілетін «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау қарастырылады. Зерттеу жүргізу барысында квазиэксперименттік әдіс қолданылып, оған № 129 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды 15-тен екі топқа: 1-шісі компьютерлік интерактивті Geogebra бағдарламасының көмегімен оқытылатын эксперименттік, 2-шісі дәстүрлі оқыту қолданылатын бақылау тобы болып бөлінді. Зерттеуді жүргізу барысында оқушылардан pre-test (зерттеуге дейінгі) және post-test (зерттеуден кейінгі) тестілері алынды. Зерттеуге дейінгі және кейінгі тесттер арасындағы айырмашылық Geogebra бағдарламасы оқушылардың оқу үлгеріміне әсерін анықтайтын етіп құралды. Сонымен қатар, Geogebra бағдарламасының әсері, пайдасы туралы оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде Geogebra бағдарламасының (p < 0,05) «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы пайдасы, әсері, тиімділігі анықталды.
7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕОМЕТРИЯДАН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ТҮСІНУІНЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕРІ
Жарияланған September 2023
130
107
Аңдатпа
Кілтті сөздер
Салу есептері, геометрия, Geogebra, әсер, қабылдау
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аблякиева, А., Омарбаева, Б., Бостанов, Б. і Адиева, А. 2023. 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕОМЕТРИЯДАН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ТҮСІНУІНЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2023), 81–87. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.83.3.010.