Есептік ойлау цифрлық дәуірдің негізгі ұғымдарының бірі, ХХІ ғасырдағы адамның қажетті дағдысы болып табылады. Бұл адамның ойлау процестерін ерекше ұйымдастыру, оған проблемалық жағдайларды, олардың шешімдерін компьютердің көмегімен жүзеге асырылатын қадамдар тізбегі түрінде көрсетуге болатындай етіп тұжырымдауға және талдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда оның дамуы информатика саласындағы жалпы білім берудің бірқатар маңызды мақсаттарында қарастырылады. Оқушылардың есептік ойлауын дамытуға қажетті әлеуеті бар басқа да оқу пәндерін атап өтуге болады. Оның дамуына арналған үлкен мүмкіндіктер әл-Фарабидің тригонометриясында да бар. Зерттеу мақсаты: әл-Фарабидің триогонометриясын оқытуда жоғары сынып оқушыларының есептік ойлау стилін дамыту мен диагностикалаудың құрылымдық-логикалық моделін әзірлеу және теориялық негіздеу. Нәтижелер: әл-Фарабидің тригонометриясын оқытуда олардың тиімді дамуын қамтамасыз ететін есептік ойлаудың құрылымдық компоненттері мен ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар кешені анықталды және негізделді. Оларды ескере отырып, әл-Фарабидің тригонометриясын оқытуда жоғары сынып оқушыларының есептік ойлауын дамыту мен диагностикалаудың құрылымды-логикалық моделі әзірленді және теориялық тұрғыда негізделді. Модель өзара байланысты және өзара тәуелді блоктармен ұсынылған: мақсатты, теориялық-әдістемелік, мазмұнды, ұйымдастырушылық, бағалау-нәтижелік және олардың есептік ойлау компоненттеріне бағытталған әсері туралы тұтас түсінікті береді.
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕПТІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ МОДЕЛІ
Жарияланған December 2023
92
74
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Акжолова, А. і Камалова, Г. 2023. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕПТІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 207–217. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.020.