Мақалада білім беру мекемелеріне АКТ-ны интеграциялау арқылы қазақстандық білім беруді кеңейту мүмкіндіктері қарастырылған. Халықаралық ұйымдар және университеттер арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікке, ресурстарға және озық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз ету баяндалған. Инфрақұрылым мен технологияға инвестициялар, оқытушылар мен оқушыларды оқыту және қолдау, сондай-ақ ұлттық оқу бағдарламалары мен стандарттарына сәйкес келетін цифрлық контент пен ресурстарды әзірлеу арқылы Қазақстанның білім беру жүйесіне АКТ-ны енгізуді іске асыру және мәселені шешудің мүмкін жолдары келтірілген. Сондай-ақ зертханалық жұмыстарды имитациялайтын және студенттерге эксперименттер жүргізуге және ғылыми тұжырымдамаларды зерттеуге мүмкіндік беретін компьютерлік орта - бұл виртуалды зертхана екендігі баяндалып, виртуалды зертханадың артықшылықтары берілген. Олардың STEM пәндері бойынша оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал ететіндігі және халықаралық ынтымақтастық пен зерттеулер үшін мүмкіндіктер беретіндігі тұжырымдалған.
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНТЕГРАЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ
Жарияланған December 2023
94
65
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ulman, .M., Aldabergenova, A., Yessengabylov, I., Kabdualiyev, D. і Salgozha, .I. 2023. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНТЕГРАЦИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 304–312. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.030.