Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Жарияланған June 2024

102

28

Г.О. Сейтбекова+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Аңдатпа

Адамдар тауарлар мен қызметтердің бағасы мен пайыздық өлшеміне байланысты өмірлік жағдаяттармен күн сайын кездеседі. Олардың қаржылық шығындарға  ұшырамауы үшін  мектеп математикасында кездесетін баға мен пайыз туралы тапсырмаларды жақсы меңгеруі тиіс. Мектеп курсында кездесетін «баға туралы» есептерді шешудің әдістемелік тәсілдері көрсетілгенмен өте жақсы пысықталмаған.  Сондықтан, осы тақырып аясында көптеген оқушылардың функционалдық математикалық және қаржылық сауаттылығының дамуы өз дәрежесінен төмендеу болып отыр.  Мақалада оқушылардың  функционалдық математикалық және қаржылық сауаттылығын дамытудың өзекті мәселесі ретінде  мектеп математика курсындағы тауар бағасының өзгеру пайызын есептеуге арналған есептерді шешудің тиімді тәсілдері қарастырылған. Оқушыларға математикалық білім мен дағдыларды нақты өмірде қолдануға арналған үлгілік тапсырмалар  мен бақылауға арналған тапсырмалардың бағалау критериі ұсынылған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сейтбекова, Г. 2024. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 160–167. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.015.