Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЛЕБЕГ КЕҢІСТІГІНДЕ T1 ЖӘНЕ П1 ИНТЕГРАЛДЫҚ ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Жарияланған June 2024

89

34

Б.С. Кошкарова+
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
С. Бургумбаева+
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
О.М. Жолымбаев+
Шәкәрім атындағы Семей университеті
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
Шәкәрім атындағы Семей университеті
Аңдатпа

Функциялық кеңістіктердегі интегралдық операторлардың әртүрлі түрлерінің қасиеттерін зерттеу физика, механика, гидродинамика, акустика және тағы басқа көптеген қолданыстарымен байланысты практикалық тұрғыдан да, сонымен қатар, функциялар теориясы және функционалдық анализ, жалпыланған аналитикалық функциялар теориясы, интегралдық теңдеулер теориясы сияқты салаларының дамуымен байланысты теориялық тұрғыдан да қызығушылық тудырады. Бұл жұмыста біз R2  комплексті жазықтықтың бірлік шеңберінде анықталған T1f және П1f,   екі интегралдық оператордың қасиеттерін салмақты Лебег кеңістігінде зерттейміз, мұндағы f(z)  z=x+iy комплексті айнымалыдан тәуелді комплексмәнді функция болып табылады. T1f интегралдық оператор потенциалды, ал  – П1f  сингулярлы оператор. Мұндай типті интегралдық операторлар гидродинамикадағы әртүрлі есептерде пайда болуы мүмкін. Дәлелдеу үшін функциялар теориясы және функционалдық анализ әдістері қолданылды. Алынған тұжырымдар бұрын белгілі нәтижелерді кеңейтеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кошкарова, Б. , Бургумбаева, С. і Жолымбаев, О. 2024. ЛЕБЕГ КЕҢІСТІГІНДЕ T1 ЖӘНЕ П1 ИНТЕГРАЛДЫҚ ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 74–82. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.007.