Жоғары оқу орындарындағы басты білім беру формасы дәріс болғандықтан, дәрістің негізгі дидактикалық
мақсаты студенттердің оқу материалдарын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негіздерін қалыптастыру. Дәстүрлі
білім берудің ең осал тұсы оқытушының біржақты жоғары белсенділігі барысындағы білім алушылардың
енжарлығы болып табылады. Осы себепті соңғы уақытта дәріс оқу түрлері де көбейді. Кері байланыс техникасын
пайдалану арқылы дәріс оқу - студенттер жұмысын белсендірудің бір жолы деп айтуға болады. Ақпараттық
технологияларды тиімді пайдаланудың бір жолы дәріс оқу барысында студенттермен виртуалды кері байланыс
орнату деп қарастыруға болады.
Бұл жұмыста виртуалды кері байланыс орнату құралын пайдалану арқылы эксперимент жүргізілді.
Виртуалды кері байланыстың маңыздылығы көрсетілді және практикалық тұрғыда қолдану мысалдары
келтірілді.
ДӘРІС БЕРУ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ВИРТУАЛДЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ
Жарияланған June 2021
174
33
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Зейнуллаева, И., Керимбаев, Н., Бейсов, Н. і Азыбаев, М. 2021. ДӘРІС БЕРУ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ВИРТУАЛДЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 345–351.