Стокс және Дарси заңдары гидродинамика саласында кең қолданыс тауып келеді. Соңғы онжылдықтарда көптеген маңызды зерттеу жұмыстары сұйықтық динамикасының құбылыстары туралы тереңірек түсінік алу үшін өзара байланысқан Стокс-Дарси моделін зерттеуге бағыттаған. Әртүрлі түрлі шекаралық және байланысқан шекаралық шарттар жетілдірілген модельдер ұсынылып, мұқият зерттелді. Сонымен қатар, стохастикалық Стокс-Дарси моделі белгісіздіктерді біріктіру және осы процестерді түсінуді нақтылау үшін құнды модель ретінде пайда болды. Осы модельдерді шешуде көптеген сандық әдістер қолданылды. Бұл әдеби шолуда біз Стокс-Дарси классикалық және стохастикалық модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаймыз, сондай-ақ кейбір сандық әдістерді жан-жақты зерттеуге тырысамыз. Бөлшек ретті туындыларндың гидродинамика саласындағы моделдердегі маңыздылығына тоқталып, жаңа жалпыланған бөлшек ретті стохастикалық Стокс-Дарси модельдерінің артықшылықтарын талдаймыз.
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бердышев, А. і Боранбек, К. 2024. СТОКС-ДАРСИ МОДЕЛІНЕ ӘДЕБИ ШОЛУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 34–45. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.003.