STEM (Ғылым, Технология, Инженерия және Математика) негізіндегі зертхана - ғылым, технология, инженерия және математика элементтерін теориялық және практикалық тұрғыдан біріктіретін модуль болып табылады. Білім беру үдерісінде бұл модуль белсенді оқыту мен оқу үдерісін жақсарту үшін проблемаға бағытталған оқыту элементтерінде қарастырады. Әсіресе, физиканы оқытуда білім алушыларға цифрлық инжиниринг мәселелерін үйретуге, олардың оқу жоспарларымен байланысты өз жобалары бойынша оқу-практикалық зертханаларда жұмыс істеуге және өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл ғылыми зерттеуде физика білім беру бағдарламалары бойынша білім беру сапасын дамытуда ғылыми ортаның мүмкіндіктерін пайдалану және өндірісті интеграциялау әдістері қарастырылады. Сондай-ақ, бұл зерттеудің мақсаты - пәнаралық STEM білім берудің еңбек нарығына әсерін, өндіріс пен білім беру ұйымдарының сабақтастығын анықтайтын факторларды айқындау болып табылады. Зерттеу барысында мультиметодикалы сандық және сапалық зерттеу әдістері қолданылды. Wos және Scopus дереккөздеріндегі жоғары рейтингті журналдарда орын алған мақалаларға мета-анализ және систематикалық талдау жүргізілді. Сандық деректерді жинауда зерттеуге 200-ге жуық респондент қатысты. STEM зертханаларда физикалық білімді практикамен ұштастыру, ғылыми ортада STEM өнімдерді әзірлеу жұмыстарын жақсарту мақсатында сындарлы зерттеу әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижелері білім беру үдерісінде ғылыми орта және өндіріс байланысын тиімді іске асырудың еңбек нарығында білім алушыларды бәсекеге қабілетті болатындығын көрсетті. Сондай-ақ, зерттеу барысында STEM зертханасында өнімдер әзірлеудің технологиясы мен өнімдерді оқу үдерісінде қолданудың әдістемелік ерекшеліктері айқындалды. Алынған нәтижелер әлемдік трендтерге сәйкес келеді және еліміздегі ғылыми-технологиялық бағыттың дамуына, білім беру үдерісін одан әрі дамытуға, білім алушыларды 21 ғасырдағы қажетті дағдыларының жүйелі қалыптасуына оң әсер етеді.
БІЛІМ, ҒЫЛЫМИ ОРТА ЖӘНЕ ӨНДІРІС ИНТЕГРАЦИЯСЫ: STEM ЗЕРТХАНАСЫНДА ӨНІМДЕР ӘЗІРЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған September 2024
45
2
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Раманкулов , Ш., Мұсахан, Н. , Битибаева, Ж., Курбанбеков, Б. і Берди, Д. 2024. БІЛІМ, ҒЫЛЫМИ ОРТА ЖӘНЕ ӨНДІРІС ИНТЕГРАЦИЯСЫ: STEM ЗЕРТХАНАСЫНДА ӨНІМДЕР ӘЗІРЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2024), 287–295. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.87.3.024.