Мақалада 3D модельдеу, толықтырылған (AR) және виртуалды шынайылық (VR) технологияларын оқытудағы сабақтастық қарастырылады. Авторлар бұл технологияларды білім беру үдерісінде интеграциялауға, олардың өзара байланысына және болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын қалыптастырудағы маңыздылығына ерекше назар аударады. Екі пән бойынша тақырыптарға талдау жасалынып алынды: «Компьютерлік графика және 3D модельдеу» және «Толықтырылған және виртуалды шынайылық», бұл 2 пән жүйеленген сипат пен сабақтастыққа ие. Осы пәндерді зерттеу барысында студенттердің жобалық жұмыстары ұсынылды, жобалар арнайы әзірленген алты негізгі критерийға сәйкес бағалау шкаласы бойынша бағаланды. Мақалада 3D модельдеу, толықтырылған және виртуалды шынайылық технологияларын оқытуда жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелері көрсетілген. Экспериментте «6В01506-Информатика», «6В01514-Информатика-робототехника» және «6В01505-Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларының 72 студенті қатысты. Жүргізілген зерттеудің кезеңмен орындалуы зерттеу сұрақтарын жан-жақты ашуға көмектесті.
3D МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ AR/VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
Жарияланған September 2024
136
15
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тазабекова P., Нурбекова Z. і Сембаев T. 2024. 3D МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ AR/VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2024), 331–339. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.87.3.028.