Математика – оқыту мазмұны мен құралдары арқылы оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік беретін маңызды пән. Мақалада мектеп математика курсын оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру үшін болашақ математика мұғалімдеріне арналған білім беру бағдарламасының мазмұнына арнайы курсты енгізу арқылы кәсіби-әдістемелік дайындығын жетілдіру мәселесі қарастырылған. Мақалада болашақ математика мұғалімдерінің оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті «Қаржылық сауаттылық негіздері және олардың математикалық шешімдері» курсының мазмұны айқындалып, қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шығарудың әдістемесі ұсынылады, нақты мысалдармен келтірілген. Зерттеу мақсаты - мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби дайындығын жетілдірудің әдістемелік негіздерін анықтау. Зерттеу міндеттері - жоғары оқу орындарында болашақ математика мұғалімдерінің оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға дайындығын зерделеу, «Қаржылық сауаттылық негіздері және олардың математикалық шешімдері» курсы бойынша мазмұндық пен әдістемелік ұсынымдар жасау. Зерттеу жұмысындағы әдістемелік ұсынымдардың тиімділігі Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінде математиканы оқу процесіне енгізіліп, эксперимент жүзінде дәлелденген. Зерттеудің маңыздылығы – педагогикалық жоғары оқу орындарында математика мұғалімдерін дайындауда арнайы курсты ұйымдастыру арқылы математиканы қаржылық біліммен кіріктіре оқытуға, қаржылық-экономикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ
Жарияланған September 2024
144
19
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ардабаева A. і Тұяқов Y. 2024. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2024), 70–82. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.87.3.006.