Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы қазіргі қазақстандық білім жүйесіндегі маңызды, бірақ жеткіліксіз зерделенген бағыттардың бірі болып табылады. Орта ғасырларда оның еңбектері әлемдік ғылымға негіз болып, Еуропа университеттерінде «квадривиум» пәндерінің қалыптасуына ықпал еткенін, бүгінгі таңда отандықтар біле бермейді. Бұл олқылықты толықтыру мақсатында ұсынылып отырған мақала, Фарабидің геометриялық мұраларын ұлттық білім беру үдерісіне кіріктіруге бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты — мектеп оқу бағдарламасын Фарабидің геометриялық есептерімен, олардың шешімдік тәсілдері мен мазмұнды терминологиясымен толықтыру арқылы оқытуды ақпараттандыру. Ол үшін ұстаздардың өзіндік білім толықтыруы мен педагогикалық жүктеме шегіндегі икемді интеграция қарастырылады. Жоба ұстаздардың талпынысына сүйене отырып, қолданыстағы бағдарламаларды бұзбай, жүзеге асыруды көздейді. Негізгі қиындықтар — оқулықтарға кірмейтін теориялық ақпаратты оқу үдерісіне үйлесімді енгізу. Мұрамен мектепті ақпараттандыру ісіне цифрлық технологияның, геогебралық интернет тәсілінің элементтері қолданылады.
Зерттеудің басты нәтижесі –математиканың дамуына сүбелі үлес қосқан, ұлт мақтанышы Әл-Фарабидің еңбектерін қазақстандықтарға бала-жастан білдіруге керекті деректермен қамтамасыз етілетіндігі. Бұл – ұлттық деңгейдегі маңызды мәселеге мазмұнымен де, қолданылған цифрлық – геогебралық тәсілімен де жаңалықты үлесін қосып тұрған ақпаратты жетістік.