Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МАГНИТТЕЛЛУРЛЫҚ ЗОНДЫЛАУДЫҢ КЕРІ ЕСЕБІН САНДЫҚ ШЕШУДЕ ТҮЙІНДЕС ТЕҢДЕУЛЕР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Жарияланған July 2026

0

Ж. Демеубаева+
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
https://orcid.org/0009-0000-8710-5611
С. Касенов+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
https://orcid.org/0000-0002-0097-1873
Н. Темирбеков+
Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы
https://orcid.org/0000-0001-7542-3778
А. Темирбеков+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
https://orcid.org/0000-0002-4157-2799
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ,
Аңдатпа

Бұл мақалада Максвелл теңдеулеріне негізделген магниттеллурлық зондылау (МТЗ) әдісінің тура және кері есептерін шешудің теориялық және сандық тәсілдері қарастырылған. Әртүрлі электр кедергілеріне ие горизонталь қабатталған изотропты орта үшін геоэлектрлік модельдің математикалық сипаттамасы берілген. Кері есепті шешу үшін оптималды басқару әдісі мен түйіндес теңдеулер аппараты қолданылды. Бақылау деректері бойынша электр өткізгіштіктің таралуын қалпына келтіру үшін градиенттік итерациялық алгоритм жасалды. Сандық эксперименттер ұсынылған әдістің орнықтылығын және жинақтылығын көрсетті: итерациялар саны артқан сайын функционалдың мәні азайып, параметрлердің қалпына келтірілген мәндері нақты шешімге жақындай түсті. Алынған нәтижелер МТЗ әдісінің геоэлектрлік құрылымды түсіндірудегі тиімділігін және Жер қыртысының терең қабаттарының электрофизикалық қасиеттерін бағалаудағы қолданбалы маңыздылығын дәлелдейді.

Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Демеубаева, Ж., Касенов, С., Темирбеков, Н. і Темирбеков, А. 2026. МАГНИТТЕЛЛУРЛЫҚ ЗОНДЫЛАУДЫҢ КЕРІ ЕСЕБІН САНДЫҚ ШЕШУДЕ ТҮЙІНДЕС ТЕҢДЕУЛЕР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Лип 2026).